Саған Иса керек!

Ол саған қуаныш, тыныштық және өмірдегі мақсатты береді.

1.Құдай сені сүйеді және Оның сенің өміріңе арналған жоспары бар.

Құдай Сөзі былай дейді: «Құдай адамзатты қатты сүйгендіктен, Өзінің жалғыз Ұлын құрбандыққа берді. Сонда Оған сенуші әркім өлмей, мәңгілік өмірге ие болады». (Библия, Жохан жазған ізгі хабар 3:16)

Иса былай деді: «... Мен олардың өмірге ие болып, өмірлері ағыл-тегіл болуы үшін келдім». (Библия, Жохан жазған ізгі хабар 10:1)

Алайда, туындайтын мәселе бар:

МЕН ИСАДЫ ҚАБЫЛДАҒЫМ КЕЛЕДІ

2.Әрбір адам Құдайдың алдында күнә жасады, сондықтан Онымен бірге бола алмайды.

Біз айтқан, істеген және тіпті ойлаған барлық жаман нәрселер Библияда «күнә» деп аталады. Библияда былай жазылған: « бәрі де күнә жасап, Құдайдың даңқынан айрылды». (Библия, Римдіктерге арналған хат 3:23)

Күнә өлімге әкеледі. Бұл өлім тәни емес, ол Құдайдан рухани бөліну. « Өйткені күнә үшін жаза – өлім, ал Құдайдың сыйлығы – Жаратқан Иеміз Мәсіх Исадағы мәңгілік өмір». (Библия, Римдіктерге арналған хат 6:23)

Алайда, жақсы хабар бар!

МЕН ИСАДЫ ҚАБЫЛДАҒЫМ КЕЛЕДІ

3. Құдай Өз Ұлын сенің күнәларың үшін өлуге жіберді!

Біз аспанда Құдаймен бірге мәңгі өмір сүруіміз үшін Иса біздің орнымызда өлді. « Бірақ біз әлі де күнәкар болған кезде, Мәсіх біз үшін өлді. Осылай Құдай Өзінің бізге деген сүйіспеншілігін дәлелдеді». Біз Мәсіхтің құрбандық өлімі арқылы кешірім алдық. (Библия, Римдіктерге арналған хат 5:8)

Бірақ, Оның өлімі соңы емес! Ол өлімнен қайта тірілген және қазір тірі! «... Киелі Жазба бойынша Мәсіх біздің күнәларымыз үшін өлді. Киелі Жазба бойынша Ол қабірге қойылып, үшінші күні қайта тіріліп,...көрінді» (Библия, Қорынттықтарға арналған 1-ші хат 15:3-5).

Иса – Құдайға апаратын жалғыз жол! «Иса оған былай деді: « Жол, шындық және өмір – Менмін. Мен арқылы болмаса, ешкім де Әкеге келе алмайды». (Библия, Жохан жазған ізгі хабар 14:6).

МЕН ИСАДЫ ҚАБЫЛДАҒЫМ КЕЛЕДІ

4. Библияда Исаға сену арқылы құтқарылуға болатыны айтылған.

Cендер сенім арқылы рақыммен құтқарылдыңдар! Бұл - сендерден емес, Құдайдың сыйы. Бұл жасаған істеріңнен емес, сондықтан ешкім мақтанбасын. (Библия, Ефестіктерге арналған хат 15:3-5).

Құтқарылу – күнәнің жазасынан құтылу. Сенім тек Иса сені құтқара алатынына сенуді білдіреді. Мәңгілік өмірді алуға бізге не шіркеуге бару, не жасаған игі істеріміз көмектеспейді, оны тек Иса Мәсіхке деген сеніммен аламыз.

МЕН ИСАДЫ ҚАБЫЛДАҒЫМ КЕЛЕДІ

5. Саған Исаға сенуге кедергі болатын нәрсе бар ма?

Cаған Исаға сенуге кедергі болатын нәрсе бар ма? Олай болмаса, дәл қазір мінәжат етіп, өз шешімің туралы Құдайға айтуды ұсынамыз!

«Құдай Ие, мен күнәкар екенімді білемін. Мен ешқандай жолмен жұмаққа лайық емеспін. Жасаған күнәларым үшін кешірім сұраймын. Мен Исаның менің күнәларым үшін өліп, жазамды алып, қайта тірілгеніне сенемін. Мен Исаның, басқа ешкімнің немесе ештеңенің Менің Құтқарушым екеніне сенемін. Күнәларымның кешірілуі және мәңгілік өмір сыйы үшін рахмет! Аумин!»

МЕН ИСАДЫ ҚАБЫЛДАҒЫМ КЕЛЕДІ

Сіз Исаны қабылдағыңыз келе ме?

ТӨМЕНДЕГІ ХАБАРЛАМАҒА ДҰҒА ОҚЫҢЫЗ НЕМЕСЕ ӨЗ СӨЗІҢІЗМЕН ДҰҒА ҚОЙЫҢЫЗ.

Құдай, мен күнәкар екенімді білемін. Мен жұмаққа лайық болуым мүмкін емес. Жасаған күнәларым үшін кешірім сұраймын. Мен Исаның менің күнәларым үшін өліп, жазамды қабылдап, қайта тірілгеніне сенемін. Мен Исаның, басқа ешкімнің немесе ештеңенің менің Құтқарушым екеніне сенемін. Менің күнәларымның кешірілгені және мәңгілік өмір сыйы үшін рахмет. Аумин.

Слава Господу, пожалуйста, найдите ближайшую церковь, которая следует библейским принципам, и расскажите им о своем желании следовать за Иисусом и делать следующие шаги, которые Иисус повелел нам делать.
Oops! Something went wrong while submitting the form.

Бізбен танысыңыз

Иса Мәсіхпен танысуға көмектесуге дайын жергілікті миссия кеңсесіне хабарласыңыз.

Маған хабарлама жіберіңіз

Сізге не керек болады?

Спасибо! Ваша заявка получена!
Oops! Something went wrong while submitting the form.